Қасым-Жомар Тоқаев Шолпан-Атаға барды
Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2026 жылғы 31 шілдеде Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеп, сапарға қатысты бірқатар мәлімет пен оқиға орнынан түсірілген фотосуреттерді жариялады.
"Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды", – деп жазды ресми ақпаратта.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға сапары алдын ала хабарланған еді.
Сондай-ақ 2026 жылғы 30 шілде мен 2 тамыз аралығында Ыстықкөлде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетіні хабарланды. Бұл күндері онда судағы жарыстан Formula 1 H2O халықаралық әлем чемпионаты және ESCAPE FEST 2026 ауқымды музыка фестивалі өтеді. Осыған байланысты Ыстықкөлден ұшатын қазақстандықтарға әуежайға үш сағат бұрын келу ұсынылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
