Мемлекет басшысы Швейцария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 1 тамызда Швейцария президенті Ги Пармеланға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланды Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күнімен құттықтады.
"Бұл атаулы күн Швейцарияның бай тарихи мұрасын танытып, демократиялық тұғырының беріктігін және елдің бейтараптық қағидаттарға ұдайы бейіл екенін көрсетеді", деп жазылған жеделхатта.
Президент Қазақстан Швейцариямен достыққа және өзара құрметке негізделген сан қырлы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынына тоқталды. Сондай-ақ сауда, инвестиция, қаржы және білім салаларындағы ықпалдастықтың оң динамикасын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Швейцария халқына құт-береке тіледі.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Жапония премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript