Мемлекет басшысы Жапония премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 31 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
"Президент Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты премьер-министр Санаэ Такаичиге, жақындарынан айырылған отбасыларға және Жапония халқына көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келуіне, жарақат алған адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді".
Айта кетсек, 2026 жылдың 28 шілдесінде Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кумамото префектурасында (Кюсю аралы) болған 7,1 балдық жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 34-ке жетті, жүздеген тұрғындар жарақат алды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript