ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды

Ақорда, ҚР Президенті Әкімшілігі, Мемлекеттік құқық бөлімі, меңгеруші, Айдар Жарылғанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2026 18:32 Сурет: Ақорда
ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды

Бұл туралы 2026 жылы 2 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Мемлекет басшысының өкімімен Айдар Төлетайұлы Жарылғанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды".

Айдар Жарылғанов 1978 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Ол 1999 жылы Семей мемлекеттік университетін, 2001 жылы "Әділет" Жоғары құқық мектебін аяқтаған.

  • 2001-2007 жылдары Мемлекеттік кірістер министрлігінде және ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде еңбек еткен.
  • 2007 жылдан бастап 2019 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің сарапшысы, консультанты, инспекторы және сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды.
  • 2019 жылғы сәуірден бастап 2023 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлім меңгерушісінің орынбасары болды.
  • 2023 жылғы 6 қаңтарда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Sinovation Ventures және 01.ai компанияларының бас директоры Ли Кай-Фуды қабылдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: