Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік серіктестерді сирек түрлерді қорғау қорын құру бастамасын қолдауға шақырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде Қазақстанның Халықаралық сирек түрлерді қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі қор құру бастамасына тоқталды. Мемлекет басшысы шетелдік серіктестерді осы іске үн қосуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2026 16:04 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде Қазақстанның Халықаралық сирек түрлерді қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі қор құру бастамасына тоқталды. Мемлекет басшысы шетелдік серіктестерді осы іске үн қосуға шақырды.

Президенттің айтуынша, он жылға арналған бастаманы Биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі ұлттық бағдарлама толықтырады.

"Құжат табиғи мекендеу орталарын қалпына келтіруді, түрлерді қорғауды және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейтуді көздейді. Бұдан бөлек, Ұлттық генетикалық биоалуантүрлілік банкін құруға кірістік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның өңірлік деңгейдегі табиғатты қорғау шараларына белсенді қатысатынын атап өтті. Биыл сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің қорытындысы бойынша Орталық Азиядағы экологиялық ынтымақтастық жөніндегі Астана декларациясы қабылданған.

"Теңіз маңындағы бес мемлекеттің қолдауымен Қазақстан Каспий теңізінің су ресурстарын сақтауға бағытталған халықаралық бағдарлама қабылдау туралы бастама көтерді", – деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жұмыстың бірнеше бағытын айқындап, су ресурстарын басқару саласында тығыз байланыс орнатудың маңызына тоқталды.


"Өткен жылы Қазақстан БҰҰ жүйесінде Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды. Бұл бастама Орталық Азия елдеріне ортақ әрі оған мүдделес мемлекеттердің барлығы үн қоса алады. Мақсатымыз – су қауіпсіздігін нығайтып, өзен-көлдер мен сулы-батпақты алқаптардың жай-күйіне тәуелді табиғи экожүйелерді қорғау", – деді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: