Трамп Тоқаевпен G20 саммитінде кездесуді асыға күтетінін айтты

Касым-Жомарт Токаев и Дональд Трамп, Дональд Трамп и Касым-Жомарт Токаев, Токаев и Трамп, Трамп и Токаев , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2026 16:43 Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Республика күніне орай АҚШ Президенті Дональд Трамптан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеделхат мәтіні 2026 жылғы 27 қазанда Ақорданың телеграм арнасында жарияланды.

"Өткен бір жылда халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан бастап, екі елге де пайда әкелетін маңызды коммерциялық келісімдерге дейінгі әріптестігімізді тереңдете түскенімізді мақтан тұтамын. 1991 жылы Америка Құрама Штаттары Қазақстанды халықаралық аренада егемен мемлекет ретінде алғашқылардың бірі болып емес, бірінші болып таныды. Еліміздің тәуелсіздігіне, егемендігіне және аумақтық тұтастығына деген ұстанымымыз өзгермейді. Америкалық компаниялар Қазақстанның экономикалық жетістіктеріне елеулі үлес қосты және алдағы уақытта да маңызды рөл атқара береді. Екі ел арасындағы нығайып келе жатқан достық алдағы ондаған жыл бойы нақты нәтижелерге жеткізетініне сенімдімін. Желтоқсан айында өтетін G20 саммитінде Сізбен кездесуді асыға күтемін", – деп жазды Дональд Трамп.

2026 жылғы 25 қазанда, Республика күніне орай, Ақорда Қазақстан Президентіне шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен құттықтаулар келіп түскенін хабарлаған еді. Құттықтағандардың қатарында Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай төрағасы Си Цзиньпин, АҚШ Президенті Дональд Трамп, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және басқалар болды.

2026 жылғы 13 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дональд Трамптың шақыруымен Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысатыны белгілі болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: