Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері Мексикаға шақырып жатыр

Димаш, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2022 10:52 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайбергеннің Dears жанкүйерлері Мексикада 600-ге жуық экраннан әншінің видеоларын қойды. Осылайша олар Димашты өз елдерінде күтетінін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Димаш өзінің Instagram-дағы парақшасында жазып, жанкүйерлерге алғысын білдірді.

Латын Америкасындағы жанкүйерлеріме, Мексикадағы жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Қала бойынша 600-ге жуық экран арқылы жасаған шақыртуларыңызды қабыл алдым. Бұйырса, сіздер жаққа да ат басын бұрармын. Рақмет! - деп жазды ол.

Айта кетейік, 8 қыркүйек күні Димаш Құдайберген "әлемдегі ең қымбат клипі" шығатынын хабарлады. Димаш жаңа шығарманың аты "Бір аспан хикаясы" екенін айтты. Сонымен қатар ол композитор ретінде осы әнді жазуды үш жыл бұрын бастағанын жеткізді

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: