Димаш Қазақстанға алғысын білдірді
Туған жерім Қазақстанға тағы да рақмет. Біз қазір Дубайдағы Fashion factor сән байқауына ұшып жатырмыз. Мен онда қазылар алқасының мүшесі боламын. Күндеріңіз сәтті өтсін, - деп жазды Димаш өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Әнші бұдан бұрын да Алматыдағы концерті үшін алғысын айтқан еді:
Рақмет, Алматы. Баршаңызға ықылас, ниеттеріңіз үшін көп рақмет. Менің командама, сонымен қатар сахнаны жарықтандырған @maxi_style_ компаниясына, техникалық директоры Нұрсұлтан Тілепқалиев бауырыма, @zhanibek_soltanay досым бастаған еріктілер тобына мың алғыс!
@llightproduction Ғалым Асылов ағамның қазағымыздың ұлттық аспаптарының тарихын видео арқылы ерекше әдемі жеткізген өнері үшін үлкен құрметімді білдіремін!
Іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Алматы қалалық құқық қорғау органдарына, төтенше жағдайлардың алдын алу мекемелерінің қызметкерлеріне, дәрігерлер қауымына және барлық ат салысқан әріптестестерге, серіктестерге, достарға мың алғыс!
25 қыркүйекте Димаш "Бір аспанның хикаясы" әніне түсірілген бейнебаянның тұсауын кесті. Клип соғысқа қарсы сипатта және бірнеше бөлікке бөлінген.