Қанат Ислам АҚШ-та ауруханада жатыр

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2018 15:31 Baq.kz
Боксшы жоспарланған жекпе-жектен бас тартуына тура келді.

Қанат Ислам АҚШ-та жаттығу жиынында аяғын жарақаттап алды, деп хабарлайды Baq.kz.

Боксшы жоспарланған жекпе-жектен бас тартуына тура келді.

Қанат Ислам 23 маусымда Лос-Анжелесте мексикалық Фернандо Каркамоға қарсы келесі рейтингті жекпе-жегін өткізуі керек болатын. Алайда, екі апта қалған кезде ол денсаулық жағдайына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Ол рингке шыға алмау себебін түсіндірді.

«АҚШ-та жаттығу жиыны кезінде аяғымды жарақаттап алдым. 23 маусымда жекпе-жекке шығуым керек еді. Өкінішке қарай, жанкүйерлерім ол жекпе-жекті көре алмайды. Ағым жазылған кезде рингке қайтып оралам. Оған шамамен 2 ай уақыт қажет. Жанкүйерлерім менің рингке шығуымды ұзақ күткенін білемін», - деп жазды ол Фейсбуктегі «Профи Бокс Казахстана» парақшасына.

Еске сала кетсек, Қанат Ислам соңғы рет Астанада 2017 жылы 9 қыркүйекте жекпе-жекке шыққан еді. Ол кезде канадалық Брэндон Куканы жеңген еді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2018 15:31

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: