Жаңалықтар тізбегі
0

Геннадий Головкин өз белдіктерін жаңадан жасатады

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2018 17:52 www.inform.kz
Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненконың айтуынша, спортшы өз белдіктерін біреуге сыйласа, бокс ұйымдары оған дубликатты жасап бере алады.

Жақында WBA Super, WBC мен IBO бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин төрт белдігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйлады. Күні кеше барлық белдіктері ҚР Президенті мұражайына тапсырылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненконың айтуынша, спортшы өз белдіктерін біреуге сыйласа, бокс ұйымдары оған дубликатты жасап бере алады. Сондықтан алдағы жекпе-жекте Геннадий Головкин жаңадан жасалған белбеулерін алып шығады.

«Негізі, ондайда боксшының командасы халықаралық бокс федерацияларын ескертіп қояды. Соның негізінде белбеулердің көшірмелері жасалады. Өйткені әр түрлі жағдайлар болады ғой. Біреуге сыйлайды, жоғалтады, я болмаса, ұрлатып алады. Ондайда дубликатты жасап береді. Әрине, белбеудің көшірмесі тегін жасалмайды. Оған ақша төлеуге тура келеді», - деді В.Демьяненко.

Айта кеткен жөн, ҚР Президент мұражайына берілген белдіктер ішінде IBF ұйымының атағы да бар. В.Демьяненконың сөзіне қарағанда, аталған бокс федерациясы өз белдігін алып қойса да, Головкин осы тұжырымның чемпионы болып қала береді. Себебі ешкімнен жеңілген жоқ. Белбеуді де өзінде қалдыруға құқығы бар.

«Геннадий IBF чемпионы болып қала береді. Мысалы, «2015-2018 жылдары болған әлем чемпионы» деп жазады. Алдағы уақытта осы атақты қайтарып алса, екі дүркін чемпион атанады», - деп атап көрсетті В.Демьяненко.

Айта кетейік, 15 қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен кездеседі. Уақыт айырмашылығына байланысты Қазақстанда аталған жекпе-жек 16 қыркүйекте көрсетіледі.

Сол кезде WBA Super, WBC мен IBO белбеулері сарапқа салынады. Ал қазан айында Дэниэл Джейкобс пен Сергей Деревянченко IBF титулы үшін таласады.

Алдағы уақытта осы екі жекпе-жектің жеңімпаздары жұдырықтасуы әбден мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: