Елена Рыбакинаға үздік ондыққа кіруге аз-ақ қалды
Сурет: instagram/lenarybakina
16 қаңтарда Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) кезекті рейтингін жариялады, деп жазды Zakon.kz
Жаңа рейтингке сәйкес, отандасымыз Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің 12-ракеткасы атанды. Үш ұпай артық жинаған Қазақстанның бірінші ракеткасы рейтингте америкалық София Кенинді басып озды. Бір атап өтерлігі, бұған дейін Қазақстанның әйелдер теннисі тарихында рейтингте ешкім он екінші орынға көтеріліп көрмеген.
Рейтингте 11- орында ресейлік Анастасия Павлюченкова (2968 ұпай), ал оныншы орында Тунис өкілі Онс Жабер (3500) иеленді.
Тағы бір отандасымыз Юлия Путинцева да бір сатыға көтеріліп, қазір 42-орынға жайғасты (1400). Ал Зарина Дияс өз орнын төрт сатыға жақсарта алды. Қазір ол 104-ші (732) орында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript