Жаңалықтар тізбегі
0

Олимпиада-2022: Бейжіңде біздің ұлттық құраманы қалай қарсы алды

Бейжің әуежайы Сурет: zakon.kz
2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан делегациясының бір бөлігі мінген алғашқы рейс таңертең Бейжің әуежайына қонды, деп хабарлайды Қытайдан Zakon.kz тілшісі.

Бейжіңге ұшып шыққандардың барлығы Қытайға аттану үшін 27 қаңтарға дейін алдын ала дайындалды. Карантинде болып, күнделікті ПТР-тест тапсырып, денсаулықтарына байланысты көптеген декларация толтырды. Бұл іс-шаралар жаттығулардан тыс спортшылар, жаттықтырушылар және делегация мүшелері үшін дайындық кезеңінің ажырамас бөлігіне айналды. Барлық делегациялар, ережелерге сәйкес, Бейжіңге чартерлік рейспен келіп жетуі керек. Әрине, бетперде, қорғаныс шлемі, әлеуметтік қашықтықты сақтау, антисептиктерді қолдану және т.б. талаптарды орындай отырып.

Олимпиаде-2022

Сурет: zakon.kz

Қазақстандық команда мүшелері де осы талаптарға сай әрекет етті. Делегацияның негізгі бөлігі Астана мен Алматыдан ұшып шықты, ал Еуропадағы жиындарда жүрген қалған атлеттер мен жаттықтырушылардың тағы бір бөлігі жақын арада Бейжіңге келіп жетуі тиіс.

Олимпиаде-2022

Сурет: zakon.kz

Ұшақтан түсіп, Бейжің әуежайының терминалына шыққан соң біздің спортшыларға бірден ПТР-тестке тіркелу ұсынылды.

ПТР-тест

Сурет: zakon.kz

Арнайы құрылғы мәзірінде орыс тілі бар. Оған QR коды бар чек алу үшін төлқұжатыңызды сканерлеу керек.

Олимпиада-2022

Сурет: zakon.kz

Ары қарай ПТР-тест тапсыру үшін кезек күтеді. Ұзақ тұрудың қажеті болмады, ұйымдастырушылар талдауға материал жинау үшін көптеген кабина орнатып қойған. Бірақ талдаудың өзіне келгенде асығыстық жоқ, тамақтан мазок мұқият әрі асықпай алынады.

Әуежай

Сурет: zakon.kz

Содан кейін барлығы күту аймағында жиналып, жүктерін алып, автобустарға отырады. Конькимен сырғанау спортының өкілдері мен қызметкерлері, журналистердің бір бөлігі Бейжіңде орналасқан қонақүйге барды, ал шаңғы спорты бойынша өнер көрсетушілер журналистердің бір бөлігімен бірге Қытай астанасының маңындағы тау шаңғы курорты – Чжанцзякоу қаласына бет алды.

Олимпиада-2022

Сурет: zakon.kz

Бейжің әуежайынан Чжанцзякоға автобуспен жету 3,5 сағаттан астам уақытты алады екен.

Олимпиада-2022

Сурет: zakon.kz

Курорт территориясында емін-еркін қозғалуға рұқсат. Журналистер мен делегация мүшелері Бейжіңде еркін жүріп-тұра алмаған, ал Чжанцзякуда кем дегенде қонақ үй кластерлерінің ішінде жүруге рұқсат етіледі (әр кластерде екі-үш қонақ үй корпусы мен мейрамхана бар).

Олимпиада-2022

Сурет: zakon.kz

Осы жағынан алғанда, түскі және кешкі ас кезінде әртүрлі елдерден келген төрешілер, техникалық делегаттар ортасында болып, емін-жарқын сұқбат құруға мүмкіндік бар. Дегенмен дастархан үстінде мынандай шыны бөгеттер қойылған.

Олимпиада-2022

Сурет: zakon.kz

Ас мәзірі өте бай, қалағанның бәрі бар.

Олимпиада-2022

Сурет: zakon.kz

Чжанцзякаудың ауасы таза, ақырындап жел соғып тұр, күн ашық әрі сәл аяз. Ауа райы демалысқа сай көңіл-күй тудырады. Тіпті волонтерлар, даяшылар, бөлме тазалаушылары мен қабылдау орнындағы қызметкерлер киген санитарлық костюмдер де бойыңызда қандай да бір алаңдаушылық туғызбайды.

Олимпиада-2022

Сурет: zakon.kz

Бейжіңде қар жоқ, бірақ Чжанцзякауда мұндай проблема жоқ.

Шаңғы спортының өкілдері бірнеше күн демалып, ресми жаттығуларға кіріседі, содан кейін жарыстар басталады.

Қысқы Олимпиада ойындарының басты фавориттерінің бірі – Норвегия командасы да мұнда келіп жетіп алған, алдында туындаған кейбір қиындықтарға қарамастан олар көшбасшылық құқығын қорғауға дайын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз