Спортшыларымыздың Қысқы олимпиададағы алғашқы нәтижелері белгілі болды

Спортшылар, Олимпиада, Бейжің, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2022 18:03 Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
Алғашқы іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшылардан фристайл-могул өкілдері шықты, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстандық әйелдер арасында үздік нәтижені Аяулым Әміренова мен Олеся Граур көрсетті. Ал Анастасия Городко өрескел қате жасап, ұпай ала алмай қалды.

Жалпы нәтиже мынадай:

  • Олеся Граур (57.18 ұпай) — 23-орын. 

  • Аяулым Әміренова (66.82 ұпай) — 16-орын.

  • Анастасия Городко (жарысты аяқтаған жоқ)

Барлық спортшы 6 ақпанда тағы да іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.

Команда көшбасшысы Юлия Галышева бірінші іріктеу кезеңіне шыққан жоқ. Ол бірден 6 ақпанда болатын екінші квалификацияда өнер көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: