Бейжің Олимпиадасында Дмитрий Рейхерд ақтық сынға өтті

Олимпиада-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2022 17:25 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшы Дмитрий Рейхерд Бейжің Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін фристайл-могулдан ерлер арасында іріктеу кезеңдері өтіп, оған Қазақстан құрамасынан Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд қатысты.

Іріктеу кезеңінде 74.90  ұпайын еншілеген Дмитрий Рейхерд финалға шықты. Ал Павел Колмаков іріктеу кезеңін 11-ші орынмен аяқтады. 

Айта кетерлігі, финал елорда уақытымен бүгін сағат 17:30-да басталады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: