Бүгін Олимпиадада қазақстандықтардың жарысқа шығу кестесі

Бүгін Бейжіңдегі түрлі олимпиадалық ареналарға тоғыз қазақстандық спортшы жарысқа шығады, деп хабарлайды Zakon.kz
Бүгін Қазақстандық шаңғышылар жарыс додасын бастайды, ерлер мен әйелдер арасындағы еркін стильдегі спринттен медальдар ұтыс ойыны өтеді.
14:00 - де Қазақстан атынан келесі құрам бақ сынасады: әйелдер арасында – Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Ирина Быкова.
Ерлер арасында – Виталий Пухкало мен Евгений Величко. Шаңғышылар финалдық кезеңге өту үшін іріктеу кезеңінен өтуі керек.
14:30-да қазақстандық биатлоншылар Александр Мухин мен Владислав Киреев 20 шақырымдық жекелей жарыста үздіктер тізіміне енуге тырысады.
14:50-де Виталий Пухкало мен Евгений Величко жарыс алаңында өнер көрсетеді,
Ал 16:30-да конькиші Дмитрий Морозов ерлер арасында 1500 метр қашықтықта бағын сынап көреді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript