Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық спортшылар тағы қандай қысқы спорт түрінен жарысқа түседі

жарыс алаңы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2022 18:34 Сурет: olympic.kz
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары мәресіне жетті. Алайда, қысқы маусым толықтай аяқталған жоқ. Ақпан-наурыз айларында да спортшылар бірқатар бәсекелерге қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Olympic.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгін Норвегияда шаңғы спортынан жастар арасындағы әлем біріншілігі басталады. Бейжіңде көзге түскен жастардың көбісі тікелей әлемдік додаға аттанбақ.

Аталған сынға Қазақстан атынан жас спортшылар қатысады.

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасын тағы да үлкен сынақтар күтіп тұр. 3 наурыз күні АҚШ-тың Хамар қаласында әлем чемпионаты өтеді. Надежда Морозова бастаған спортшылар тағы да өз күшін байқап көрмек.

18 -20 наурыз аралығында шорт-трекшілер Канаданың Монреаль қаласында бас қосады. Мұнда кезекті әлем біріншілігі өтпекші. Әлем кубогі мен Олимпиада қорытындысына қарап, біздің спортшылардың жүлдеге таласатын мүмкіндігі барын байқаймыз.

Қысқы спорт түрлерінен қазақстандық спортшылар әлем кубогі кезеңдерінде де бақ сынайды. 26-27 ақпан күндері Ресейдің Ярославль қаласында шаңғы акробатикасынан әлем кубогі кезеңі өтеді. Ал могулшылар Жапонияны жетке алады. Бұл күндері кезекті әлемдік дода басталады.

Сондай-ақ, шаңғымен жарысу, шаңғымен тұғырдан секіру және шаңғы қоссайысынан спортшыларды халықаралық жарыстар күтуде. Бұл туралы ақпарат кейін белгілі болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: