Жаңалықтар тізбегі
0

Александр Винокуров Абзал Әжіғалиевтің аңсаған арманын орындады

Жас спортшыға сыйлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2022 10:10 Сурет: Instagram/ abzal_azhgaliyev
Олимпиада чемпионы Абзал Әжіғалиевты қонаққа шақырып, тәжірибесімен бөлісті. Александр Винокуров жас спортшыға көптен бері аңсаған велосипедын тарту етті, деп хабарлайды Zakon.kz

Аты аңызға айналған Александр Винокуровтың үйінде қонақтамын. Бұл күн менің есімде ұзақ сақталады, деп жазды спортшы өзінің Instagram парақшасында.

Кешегі жазбадан бір күн өткен жоқ, бүгін түстен кейін маған белгісіз нөмірден қоңырау түсті, ол Александр Винокуровтың өзі болып шықты. Ол менің жазбамды оқып, Олимпиададағы жоғары нәтижемді қолдап, құттықтау үшін үйіне шақырды. Мен үшін оның қоңырауы қазірдің өзінде тосын болды, ол маған @vinobike велосипедін сыйлайды деп тіпті ойламадым!

Эмоциясы мен қуанышын жасыра алмаған спортшы, Александр Винокуровқа алғысын айтты. Сонымен қатар, олимпиада чемпионының сыйға тартқан велосипедын көрсетті.

"Спортшыны қолдап, велосипед армандағанды менен жақсы кім біледі деген сөздері менің мәңгі жадымда қалары сөзсіз", – деп жазды Абзал Әжіғалиев.

Александр шынымен де бірінші болып, велосипед туралы білген бойда мәселені шешті, енді Еуропадан велосипед тартпасын жіберуге уәде берді. Мен үшін армандауға да келмеген бұл сыйлықтың ғана емес, оның уақыт тауып, үйге шақырғаны, дастарханда өзінің спортшы ретіндегі тәжірибесін айтып бергені теңдесі жоқ дүние.

Ол маған отандық велокомандамыз туралы ұзақ айтты. Спортшы ретінде өте құнды кеңестер беріп, көп жылғы тәжірибесімен бөлісті. Мен әлі де эмоциямды айтып жеткізе алмаймын. Әлемдік велоспорттың аңызға айналған чемпионы, нағыз тұлға @alexandrvinokurov-қа үлкен рахмет айтқым келеді! Біздің спорт үшін жасап жатқан істеріңіз үшін және маған айтқан сөздеріңіз үшін рахмет, – деп ағынан жарылды Абзал Әжіғалиев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: