Қазақстандық теннисші Сингапурде өтетін турнирде 2 миллион долларға таласады

үстел теннисі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2022 14:21 Сурет: olympic.kz
Халықаралық үстел теннисі федерациясы бірінші «Гранд Смэш» турнирінің өтетін орнын жариялады. 7-20 наурыз аралығында жарыс Сингапурде өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыстың жүлде қоры 2 миллион долларды құрайды, аталмыш жүлде үстел теннисінен барлық ресми турнирлер арасындағы ең қомақтысы.

Турнирдің негізгі бөлігі 11-20 наурыз аралығында өтеді және оған 64 мықты спортшы қатысады: ерлер мен әйелдер арасындағы 24 жұптық, сондай-ақ 16 аралас жұптық.

Сингапурде Қазақстан атынан Кирилл Герасименко қатысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: