Паралимпиадалық спортшы Александр Герлицке бір бөлмелі пәтер берілетін болды

Бейжің, Паралимпиада, жүлдегер, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2022 15:50 Сурет: olympic.kz
Бейжіңде өткен қысқы Паралимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған Александр Герлицке ақшалай сыйлық қана емес, пәтер де сыйға тартылатын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Самат Ерғалиевтің айтуынша, Қысқы паралимпиада ойындарында көрсеткен нәтижесі үшін (бір қола медаль және төрт рет 5-орыннан көрінгені үшін) Петропавлдық Александр Герлиц мемлекеттен 115 мың доллар (қазіргі бағам бойынша шамамен 58,3 миллион теңге) сыйақы алады – қола жүлдені жеңіп алғаны үшін 75 мың доллар және барлық бесінші орын үшін 40 мың доллар.

Ерғалиев сонымен қатар Александр Герлицке Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінен бір бөлмелі пәтер берілетінін айтты.

Тағы бір петропавлдық спортшы Ербол Хамитовке де мемлекет тарапынан Паралимпиадада 5-орынды иеленгені үшін 10 мың доллар (қазіргі бағам бойынша шамамен 5,07 миллион теңге) берілуі тиіс.

Еске салсақ, 2022 жылы Бейжіңде өткен Қысқы паралимпиада ойындарында Қазақстан бір қола медальмен Австралия және Швейцариямен бірге медальдық есепте 17-орынды иеленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: