Азиада-2026: Қазақстанның жүлдегер спортшыларына қанша сыйақы берілетіні белгілі болды

Теңге, сыйақы, Азиада, 2026, Қазақстан, спортшылар, алтын медаль, күміс медаль, қола медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2026 14:05 Сурет: Zakon.kz
Жапонияда өткен ХХ жазғы Азия ойындарында жүлдегер атанған Қазақстан спортшыларына ақшалай сыйақы төленеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, Азия ойындарында алтын медаль иеленген спортшыға 10 мың доллар, күміс жүлдегерге 5 мың доллар, ал қола медаль иегеріне 3 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған. Төлемдер теңгемен жүзеге асырылады.

Мәселен, командалық спорт түрлерінде сыйақы барлық мүшеге теңдей бөлінеді. Яғни, жалпымедалдық есепте бір ғана марапат жазылғанымен, команданың әрбір спортшысы жүлде сомасын толық көлемде алады. Егер 15 адамнан тұратын команда күміс медаль жеңіп алса, онда оның әрбір қатысушысы 5 мың доллардан алады, ал жалпы төлем 75 мың долларды құрайды.

Бапкерлер үшін жеке сыйақылар қарастырылған: алтын - 5 мың, күміс - 3 мың және қола үшін 2 мың доллар. Теңгеге шаққанда бір медальдің сомасы келесідей: алтын — шамамен 4,48 млн теңге, күміс — 2,24 млн, қола — 1,34 млн теңге.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы Аичи–Нагоя Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады. Оның ішінде 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде бар. Бұл нәтиже Қазақстанға жалпы медаль кестесінде сегізінші орын алуға мүмкіндік берді.

Осы жағынан алғанда, спортшыларға берілетін төлемдердің жалпы сомасы 545 мың долларды, яғни 4 қазандағы бағам бойынша шамамен 244 012 850 теңгені құрайды. Бұл - бапкерлердің сыйақыларын есепке алмағанның өзіндегі сома. Олардың төлемдері бөлек есептеледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: