2022 жылғы жүзуден Әлем біріншілігіне қатысатын ұлттық құраманың құрамы анықталды

Жүзуден Қазақстанның ашық чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2022 11:55 Сурет: pixabay
Ақтөбе облысының өкілі Тасжанова Диана жүзуден ҚР чемпионатында еркін стильде 1500 метр қашықтықта жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбеде 30 наурыз бен 2 сәуір аралығында жүзуден Қазақстанның ашық жазғы чемпионаты аяқталды. Чемпионат қорытындысы бойынша ұлттық құраманың құрамы анықталды, деп хабарлайды Су спорты түрлері федерациясы.

Жалпыкомандалық біріншіліктің қорытындысы бойынша І-орынды 43 714 ұпай еншілеген Алматы командасы, ІІ-орынды 35 266 ұпаймен Ақтөбе облысының командасы иеленді. 30 096 ұпай жинаған Нұр-Сұлтан қаласының командасы үштікті түйіндеді.

Ақтөбе облысының өкілі Диана Тасжанова 17:31,08 секундта еркін стильмен 1500 метр қашықтықта Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша Игнатова Ксения мен Камзенов Айбек 17 маусым мен 3 шілде аралығында Венгрия астанасы Будапештте өтетін су спорты түрлерінен 19-шы Әлем чемпионатына қатысу нормативтерін сәтті орындады.

Әлем чемпионатында Қазақстан намысын ұлттық құраманың бес мүшесі қорғайды: Мусин Әділбек, Варакин Александр, Камзенов Айбек, Пчелинцева Аделаида, Игнатова Ксения.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: