Ольга Рыпакованың қызы Бүкіләлемдік гимназиадада топ жарды

Бүкіләлемдік гимназиада, жеңіл атлетика, Нормандия, атлет, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2022 12:23 Сурет: Instagram/altayathletics
Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың қызы Анастасия Нормандияда (Франция) өткен World Gymnasium 2022 турнирінде күміс медаль жеңіп алды. Ол ұзындыққа секіру сайысын 6,07 м көрсеткішпен аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гимназиада – 2022 жарысында Анастасия Рыпаковадан бөлек қазақстандық таэквондошылар да көзге түсті. Олар үш алтын, екі қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Оқушылар арасындағы сайыста Акрамат Долгиев, Рита Бакишева және Азиза Қараджанова жеңімпаз атанды. Наргиз Мерамбек пен Бекарыс Бекенов қола жүлдегерлер деп танылды.

Сурет: Instagram/kz_taekwondo_federation

Бұл гимназиадаға Қазақстаннан спорттың 18 түрінен 234 оқушы аттанған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: