Беттингтегі капперлер: олардың қармағына түсіп қалмау жайлы
Қазақстандағы №1 онлайн-букмекер Parimatch капперлер қандай әдістерді қолданатындығы және алаяқтықтықтың алдын алу жолдары туралы айтып береді.
«Каппер» дегеніміз кім?
Капперлер немесе гандикаперлер - өздерін сарапшылар немесе спортты талдаушылар ретінде таныстыра отырып, ойыншыларға ұтыс тігу арқылы ақша табудың оңай жолын ұсынатын адамдар.
Жаңа ойыншылар алғашқы күннен бастап капперлердің аңдуына ілігеді, каппер олардың тәжірибесіздігі мен аңғалдығын өз пайдасына асыруды көздейтіні жасырын емес. Олар өз құрбанын әлеуметтік желілер арқылы кепілдендірілген жеңістер мен есепшотын тез көбейтіп беру туралы уәделермен қызықтырады, алайда бұл шындықпен жанаспайды. Parimatch-тың айтуынша, Telegram, VK немесе Instagram-да өз қызметтерін тұрақты түрде ұсынатын капперлер алаяқтар және сенімді емес болып табылады.
Капперлер не ұсынады?
Болжамдар
Бастапқыда капперлер спортты жақсы білетін және аналитикалық дағдысы бар тәжірибелі ойыншылар болатын, бұл оларға нақты болжамдар жасауға және сол болжамды сату арқылы ақша табуға мүмкіндік беретін. Алайда, мұндай болжамдардың нар тәуекелі де жоқ емес-ті. Болжамға кепіл бола алмайды, себебі нәтижелерге көптеген болжанбайтын факторлар әсер етеді.
Сол сияқты сарапшының мәртебесін растау да өте қиын. Көптеген капперлер мақсатына жеткен клиенттердің пікірлерін және сәтті тігілген ұтыстардың статистикасын көпшілікке жариялау арқылы сенім тудыруы мүмкін. Тіпті нақты сарапшы да қателесуі мүмкін екендігін айтапағанда, айтылған екі жағдайды да өзінің пайдасына бұрмалауға болатынын естен шығармаған абзал.
Есепшотты көбейту
Кейбір капперлер клиенттің шотын «көбейтуді» ұсынады, яғни әр жеңістен пайыз алып, біреудің қаражат есебін тез көтеріп беруді ұсынады. Қазір бұл әдіс букмекерлік кеңселердің қатаң бақылауының арқасында аз кездеседі. Егер бұрын алаяқ қандай да бір соманы қайтарып алып, қаражатты шығарып, жоғалып кететін болса, қазір қаражат шотқа бекітілген картаға аудару арқылы шығарылады. Parimatch ойыншыларға дербес деректерге байланысты ойын аккаунтын үшінші тұлғаларға беру қауіпті деп айтады, сонымен қатар ережелермен тыйым салынған екенін еске салады.
Алаяқты қалай тануға болады және қармаққа түспеудің амалдары туралы
Адал капперлер бар ма? Әрине, болуы мүмкін. Алайда, бұл салада алаяқтар әлдеқайда көп, сондықтан оларды қалай анықтау керектігін түсіну қажет. Parimatch келесі тармақтарға назар аударуды ұсынады:
«Кепілдендірілген» немесе «100% дәл» болжамдар туралы уәделер. Тіпті ең тәжірибелі сарапшы оқиғалардың барлық нұсқаларын болжай алмайды;
Алдын-ала келісім матчтары туралы инсайдерлік ақпарат. Мұндай деректер оқиғаға жақын адамдарға ғана қол жетімді және қатаң құпияда сақталады. Интернеттегі кездейсоқ каппер тек қауесеттер мен болжамдарды басшылыққа алады;
«Ұтысқа жету» стратегиясын үйрету туралы ұсыныстар. Спортқа ұтыс тігу үшін әртүрлі амалдар бар, алайда олардың ешқайсысы жеңіске кепілдік бола алмайды.
Қорытынды тұжырым
Беттингтегі кең білімі мен дағдылары бар нағыз капперлер сөзсіз бар. Алайда, олардың арасында алаяқтар да аз емес. Parimatch ойыншыларға жеңіске жетуге уәде беретін капперлерден сақ болуға кеңес береді. Аналитикалық қабілеттеріңізді дамытып, ұтыс тігу нәтижесіне ақылмен және жеке жауапкершілікпен карау қызықтырақ болады.