Жаңалықтар тізбегі
0

Белгілі промоутер GGG – Канело жекпе-жегі жайлы: Головкинде бір артықшылық бар

Геннадий жекпе-жегіне болжам, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2022 10:35 Сурет: Instagram/tukeshov_zhalgas
Белгілі промоутер, отандасымыз Жалғас Төлешов Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл - Головкиннің бүкіл мансабындағы өте маңызды әрі айшықты жекпе-жегі. Абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек, жеңімпазға кәсіби бокстың төрт нұсқасы бойынша атақ та, ақша да, белбеу де және титул да бұйырмақ. Бір де бір Қазақстан боксшысы бұрын-соңды мұндай дәреже мен жекпе-жек деңгейіне жетіп көрмегенін баса атап өткім келеді. Жалғас Төлешов

Промоутер Геннадий Головкин пайдасына оң ұпай әкеліп, таразы басын басатын бір артықшылықты атады.

Бұл жекпе-жекте маңызды фактор және үлкен рөл атқаратын бір нәрсе бар. Ол - салмақ категориясы. Геннадийдің салмағы - 75 келі, ол осы салмақпен әлем чемпионы атанып, Олимпиаданың күміс жүлдесін еншіледі. Мамандар жағы менің нені меңзеп отырғанымды жақсы түсінеді, олар Лас-Вегаста үш рет кездесіп үлгерді. Головкин Канелоға қарағанда әлдеқайда тың көрінеді, менің ойымша, бұл керек кезде өзінше рөл атқарады және біздің жерлесімізге пайда әкелуі керек. Салмақты қуалау кезінде бұлшықеттер солып, сонымен қатар төзімділік жағы да әлсірейді. Жалғас Төлешов

Жалғас әлемдік бокстың екі мега жұлдызының сындарлы бұл жекпе-жегінде мотивация ең шешуші әрі басты рөл атқарады деп санайды.

Менің ойымша, GGG бұл кездесуде көбірек құлшыныс танытып отыр, өйткені ол қазылар алқасының алдыңғы екі жекпе-жекте де қателескендерін дәлелдегісі келеді. Сөйтіп бәріне нүкте қойғысы келеді, бұл арада жас ерекшелігін де ұмытпауымыз керек. Әрбір ұлы спортшы әдемі кеткісі келеді. Бірақ Канело бұған ынталы емес, ол да қатарынан екі рет жеңілгісі келмейді. Сонымен қатар, мексикалық қазір әлемдегі ең "кассалы боксшы" болып табылады, ал бұл кәсіби спорт үшін майлы шелпек. Сондай-ақ бұрынғы екі жекпе-жекке қатысты дауға ол да нүкте қойғысы келеді. Жалғас Төкешов

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағына таласады.

Бұл жекпе-жекке деген қызығушылық өте үлкен, сондықтан жекпе-жекті ұйымдастырушыларға контент ұнап отыр, ал маған қызық жері, бұл арада ешқандай барлау болмайды. Меніңше, Геннадидің Big Drama Show дегені бірінші раундта-ақ расталады және екі боксшы да агрессивті болады. Әр спортшы бір кездері өзінің соңғы сөзін айтады. Міне, менің ойымша, GGG 18 қыркүйекте таңертең рингтегі соңғы сөзін айтады, дәлірек айтсақ, барлығына тосын сый жасайды. Менің ішкі түйсігім Головкин оны бір рет сұлатып алады дегенді айтады. Жалғас Төкешов

Головкин мен Канело арасындағы жекпе-жегі тікелей эфирден 18 қыркүйекте Еуразия Бірінші арнасында көрсетіледі. Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 06:00-де басталады. GGG мен Canelo арасындағы айқас алдында Димаш Құдайберген Қазақстанның әнұранын шырқайды.

Олар бұл шайқасқа психологиялық тұрғыдан бөлектей келді: Канелода - жеңіліс, Генада жеңіс бар. Отандасымыз төрт жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті, ал мексикалық сегіз жекпе-жек өткізді, барлығы да оңай болмады, Биволдан жеңіліп қалғаны тағы бар. Бір сөзбен айтқанда, шайқас қызықты өтеді, әрине жеңісті күтеміз және отандасымызға сенім артамыз. Жекпе-жек немен аяқталса да Головкин қазақ халқының қаһарманы әрі сүйіктісі болып қала береді! Жалғас Төкешов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: