Үшінші жекпе-жегінде Геннадийдің алатын ақшасы "Канелодан" екі есе аз екен
The Mirror мәліметінше, мексикалық боксшының шоты 45 млн доллар көлемінде кепілдендірілген гонорармен толығады, ал Геннадий Головкиндікі екі есе аз, нақтырақ айтқанда 20 млн доллар болады.
Боксшылардың гонорар мөлшері төмендетіп көрсетілген, өйткені спортшылар трансляциялар мен билеттен түскен ақша түріндегі бонустар арқылы табысын тағы арттыра алатыны ескертіледі.
2017 жылы Сауль Альварес бірінші жекпе-жегінде 5 млн доллар, ал отандасымыз 3 млн доллар алды, екінші кездесуде мексикалыққа дәл бұрынғы сома төленді, ал Головкин 4 млн доллар алған еді.
Головкин мен Канело арасындағы жекпе-жектің кеші осы минуттарда Еуразия Бірінші арнасында көрсетіліп жатыр. GGG мен Canelo арасындағы айқас басталар алдында Димаш Құдайберген Қазақстанның әнұранын шырқайды.