Жаңалықтар тізбегі
0

Головкин Альвареске тағы жол беріп қойды

Геннадий Головкин, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2022 10:36 Сурет: Instagram/canelo
GGG – Канело триологиясы, өкінішке қарай, отандастарымызға қуаныш сыйлай алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

IBF, WBA және IBO нұсқалары бойынша екі дүркін әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварестен тағы да жеңіліп қалды.

Жекпе-жек 17 қыркүйектен 18 қыркүйекке қараған түні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтті.

Жекпе-жекте Альвареске тиесілі екінші орта салмақтағы IBF, WBC, WBA Super және WBO нұсқалары бойынша абсолютті чемпион титулдары бәске тігілді.

Бірінші және екінші жекпе-жектен айырмашылығы, бұл жолы боксшылар 76,2 келіге дейінгі салмақта бақ сынасты. Бұл салмақта кездесу Головкин үшін дебюттік әрі соңғысы болған секілді. Өйткені Геннадий бұған дейін спорттан кететінін аракідік айтып қалып жүрген. Оның үстіне мексикалықпен төртінші рет жекпе-жек өткізуге енді ешкім рұқсат бере қоймас.

Боксшылар рингте 2017 және 2018 жылдары кездескен. Бірінші жекпе-жек тең нәтижемен дау болып аяқталды, екіншісінде төрешілердің көпшілік дауысымен Альварес жеңіске жетті.

Бұл бақталастық әлдеқашан спорттан кісі басына көшкен, иә, егер бірінші жекпе-жекте олар камера алдында бір-бірін онша ұнатпайтын секілді көрсетсе, ал үшінші жекпе-жекке жеткенде олар бір-біріне шынымен төзе алмайтынын айқын байқатты.

Головкин бірінші жекпе-жекте "Канелоға" қазылар алқасы тең ұпайды тек коммерциялық себептермен бергенін ашықтан ашық бетіне айтқан. Екінші жекпе-жекте де қазылар алқасы мексикалыққа жеңісті берді, әрине бұл кездесу өте даулы деп саналды, бірақ Геннадий орта салмақтағы WBC және WBA Super белдіктерінен айырылып қалды (72,6 келіге дейін).

Альварес те бұл жеңістердің даулы екенін, оны бүкіл спорт әлемі жақсы біліп, түсініп отырғанын сезді. Сондықтан үшінші жекпе-жектің алдында ол Головкиннің қолын алу-алмауы екіталай екенін айтқан.

Головкин рингте 44 жекпе-жек өткізді, оның 42-сінде (37-сі нокаут) жеңіске жетті, ал біреуі тең есеп, тағы бірі жеңіліс. Яғни, отандасымыз өз мансабында Канелодан басқаның бәрін жеңген.

Альварес 61 жекпе-жек өткізді: 57-сі - жеңіс, екі тең ойын және екі жеңіліс. Мексикалық 8 мамырда ресейлік Дмитрий Биволдан жеңіліп қалды.

Үшінші жекпе-жек алдында барлық мамандар, спорт комментаторлары, букмекерлер Сауль Альварестің жеңістен үміті зор деп бағалады, өйткені ол жас, соңғы жылдары өзінен мықты қарсыластармен жұдырық түйістіріп, тәжірибесін арттырып келеді деп санайды. Ал Геннадий соңғы кездері жекпе-жекті екі есе аз өткізді, оған қоса қарсыластары да бастапқылардан осалдау болды.

Альварес ұзақ уақыт үйреніп қалған дивизионда Головкин алғаш рет жұдырықтасты.

Сарапшылар болжамы дәл келді. Трилогияны Канело түйіндеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: