Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 14 медальға ие болды

Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2022 19:34 Сурет: "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" РМҚК
Александрия қаласында (Мысыр) көру қабілеті төмен спортшылар арасында өткен пара пауэрлифтингтен IBSA әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа 8 мемлекеттен 50-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чемпионаттың нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 14 медальға қол жеткізді: 4 "алтын", 6 "күміс" және 4 "қола".

1) Мадьяр Жанысбаев (60 кг дейін)

  • ардагерлер арасында: үшсайыстан 1 орын және жатып сығымдап көтеруден 1 орын.

  • ересектер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 2 орын.

2) Михаил Ткач (56 кг дейін)

  • ересектер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 2 орын.

3) Андрей Москалев (82,5 кг дейін)

  • ардагерлер арасында: үшсайыстан 1 орын және жатып сығымдап көтеруден 1 орын.

  • ересектер арасында: үшсайыстан 3 орын және жатып сығымдап көтеруден 3 орын.

4) Асимжан Хапузов (82,5 кг дейін)

  • ардагерлер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 2 орын.

5) Данияр Абильханов (110 кг дейін)

  • ересектер арасында: үшсайыстан 3 орын және жатып сығымдап көтеруден 3 орын.

6) Қанатбек Санжар (до 75 кг)

  • ересектер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 3 орын.

7) Коновалов Игорь (до 100 кг)

  • ересектер арасында: жатып сығымдап көтеруден 2 орын.

  • ардагерлер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 2 орын.

Қазақстандық спортшылар үшін пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты сәтті өтті. Жарысқа елімізден  8 спортшы қатысып, жетеуі жүлделі орынға ие болды, – деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Ұлан Ануар.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: