Хорватияда журналистер арасында теннистен өткен әлем чемпионатында Қазақстан бес жүлде иеленді

Теннис, Хорватия, журналистер, әлем чемпионаты, Қазақстан , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2025 22:46 Сурет: Zakon.kz
26 қыркүйекте Порече қаласында журналистер арасында теннистен өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанды түрлі басылымдардан барған бес теннисші танытты. Нәтижесінде біздің қоржынымыз бір алтын, екі күміс және екі қола медальдармен толықты.

"Фьючерс" санатындағы жұптық сында  Данил Москаленко (Atameken Business басылымы) қола медальға ие болды. Екінші "қола"  Талғат Қалияқпаровқа (КТК телеарнасы) бұйырды.

55 жасқа дейінгі "фьючерс" санатындағы жекелей сында күміс медальды Сәби Байбосынов ("Хабар" телеарнасы) жеңіп алды.

"Мастерс" санатындағы екінші күміс медаль әйелдер арасындағы жұптық сында Галина Муленкова ("Комсомольская правда" газеті) жұлып алды.

Сурет: Zakon.kz

Қазақстандық құрама қоржынындағы жалғыз алтын медаль 55 жасқа дейінгі "Фьючерс" санатында жекелей сында біздің әріптесіміз Қуандық Шынасылов жеңіп алды (Zakon.kz).

Бұған дейін Заңғар Нұрланұлының жасөспірімдер арасында әлем бойынша 25 үздік теннисші қатарына қосылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: