Ақтауда жартылай марафон кезінде туындаған дауға қатысты комиссия шешімі жарияланды

Комиссия шешімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2022 21:20 Сурет: pixabay
Ақтауда жартылай марафонда жеңімпаз атанған 12 жасар қызға қатысты дау-дамай бойынша арнайы комиссия өз шешімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комиссия шешіміне сәйкес, жеңімпазға тағайындалған сыйлықтар 12 жасар қызға берілетін болды, бірақ жартылай марафон ережелерін бұзғандықтан ол екі жыл бойына жеңіл атлетика жарыстарынан шеттетілді. Жарыс судьясы да жауапкершілікке тартылды. Оған 50 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды, сондай-ақ екі жылға судья болу құқығынан айырылды, деп хабарлайды "Лада" басылымы.

Бұған дейін жасқа қарай шектеулері бар жартылай марафонды ұйымдастырушылар 12 жасар Карина Қуанышева өтінішті толтыру кезінде өз деректерін бұрмалағанын хабарлаған болатын. Ол иеленген қола медалы мен сыйлықтарынан айырыла жаздады. Өйткені спортшы 16 жастан асқан адамдар қатысатын жарыс талаптарына сай емес деп танылды. Бірақ бұл арада қыздың әпкесі жарысты ұйымдастырушыларды айыптап отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: