Үшінші алтын медаль! Айбек Оралбай - Азия чемпионы
Сурет: sports.kz
Қазақстан боксшы Айбек Оралбай Амман қаласында (Иордания) өткен Азия-2022 чемпионатының ақтық сынында өнер көрсетіп, Өзбекстан боксшысымен "алтын" жүлдені өзара сарапқа салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айбек Оралбай 92 келіге дейінгі салмақтағы шешуші жекпе-жекте Өзбекстан боксшысы, қаны қазақ Мадияр Саидрахимовпен жұдырық түйістірді.
Айта кетейік, бұған дейін Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін) мен Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін) 2022 жылғы бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Одан бөлек, күміс медальды иеленгендер - Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін), Сабырхан Махмуд (54 келіге дейін), Серік Теміржанов (57 келіге дейін), Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) және Нұрқанат Райыс (75 келіге дейін кг).
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript