Айбек Оралбай бокстан Азия ойындарының чемпионы атанды

Айбек Оралбай бокстан Азия ойындарының чемпионы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2026 16:27 Сурет: Instagram/boxingkazakhsta
2 қазанда бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында жеңіске жетіп, ел қоржынына 11-ші алтын медальді салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азиада-2026 финалында 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы өзбекстандық Жахонгир Зокировпен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша Айбек қарсыласынан басым түсті.

Бұл – Қазақстан бокс құрамасының биылғы Азия ойындарындағы екінші алтын медалі. Күндізгі сессияда Төрехан Сабырхан да осы жарыстың чемпионы атанған еді.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Төрехан Сабырхан иорданиялық Зейад Ишаишті 5:0 есебімен жеңді.

Жалпы, қазақстандық боксшылар бұл турнирде бес медаль жеңіп алды. Оның екеуі – алтын, үшеуі – қола. Наталья Богданова, Алуа Балқыбекова және Махмұд Сабырхан жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Айти–Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: