Қазақстандық боксшылардың 12 жылдық үзілістен кейінгі алтыны: Төрехан Сабырхан чемпион атанды

Қазақстандық боксшылардың 12 жылдық үзілістен кейінгі алтыны: Төрехан Сабырхан чемпион атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2026 10:55 Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол ел қоржынына оныншы алтын медальді салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан финалда иорданиялық Зейяд Ишаишпен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл – қазақстандық боксшылардың соңғы 12 жылда Азия ойындарында жеңіп алған алғашқы алтын медалі. Қазақстан құрамасы бокстан соңғы рет 2014 жылы Инчхонда өткен Азиадада алтын жүлдеге ие болған еді.

Ал 2018 жылы Джакартада және 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында қазақстандық боксшылар алтын медаль ала алмады.

Осылайша, Төрехан Сабырхан 12 жылдық үзілістен кейін Қазақстанға бокстан Азия ойындарының алтын жүлдесін әкелді.

Бүгін тағы бір қазақстандық боксшы финалда өнер көрсетеді. Сағат 14:30-да Айбек Оралбай өзбекстандық Жахонгир Зокировпен кездеседі.

29 қыркүйекте Айбек Оралбай осы жарыстың жартылай финалында үндістандық Нарендерден басым түскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: