Тамерлан Тілеулес таеквондодан Қазақстанға Азия ойындарындағы тұңғыш алтынды әкелді
Сурет: telegram/DRSQazaqstan
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Тамерлан Тілеулес Жапонияның Айти–Нагоя аймағында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұл – қазақстандық спортшылардың биылғы ойындардағы 12-ші алтын медалі, деп хабарлайды Zakon.kz.
58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы финалда филиппиндік Барбосаны жеңіп, чемпион атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 12-ге жетті.
Тамерлан жарыс бойы сенімді өнер көрсетіп, шешуші жекпе-жекте отандық таеквондо мектебінің жоғары деңгейін дәлелдеді.
Төлеулес Қазақстан тарихында таеквондодан Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алған алғашқы спортшы болды.
Осылайша, 2 қазанда қазақстандық спортшылар үш алтын медаль иеленді. Бұған дейін боксшылар Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай чемпион атанған еді.
Айти–Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript