Жас теннисші Мария Лукьянова Ливанда өтіп жатқан турнирде топ жарды
Сурет: Instagram/ttfrk
Ливанның Джеззин қаласында қазақстандық спортшылардың қатысуымен жасөспірімдер арасында үстел теннисінен WTT Youth Contender Jezzine халықаралық турнирі өтіп жатыр. Қарағандылық Мария Лукьянова турнирде жеңімпаз атанып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
11 жасқа дейінгілер арасында қарағандылық спортшы Мария Лукьяноваға тең келер ешкім болмады, ол жарыс барысында барлық қарсыластарынан басым түсті. Осы жетістігі үшін Александр Брижевскийдің шәкірті турнирдің алтын медалімен марапатталды.
Мария Лукьянова 13 жасқа дейінгі теннисшілер санатында да жақсы нәтиже көрсетті, онда Дарья Фу және Айназ Әділгереевамен (Алматы) бірге осы жарыстың ширек финалына шықты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript