Садақ атудан Астанада өткен халықаралық турнирдің қорытындысы шықты

Садақ ату турнирі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 21:04 Сурет: Садақ ату федерациясының баспасөз қызметі
Елордада садақ ату спортының негізін қалаушы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ли Светлана Николаевнаны еске алуға арналған жыл сайынғы "Қазақстан Гран-приі" халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бес күн бойындағы додадан кейін жекелей және командалық жаттығулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

"Турнирге 8 мемлекет, Қазақстанның 6 облысы, 94 спортшысы қатысты. Олардың арасында Әзірбайжан командасының (кадеттер санатында 2" алтын") табысты өнер көрсеткенін атап өтуге болады, блокты садақ атудан Ресей командасы бас жүлдені жеңіп алды. Көрші елдер - Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан да командалық және жекелей сында жүлделі медальдарға ие болды", – деп атап өтті елордалық садақ ату федерациясының президенті Ғабит Сәтмағамбетов.

Астана қаласының спортшылары командалық және жекелей сында медальдар еншіледі:

  • Воропаева Александра (классикалық садақ, әйелдер арасындағы жеке біріншілік);

  • Мұхтияров Вячеслав (классикалық садақ, ерлер арасындағы жеке біріншілік);

  • Әсет Адемир (блокты садақ, ерлер арасындағы жеке біріншілік);

  • Амангелді Айман (блокты садақ, әйелдер арасындағы жеке біріншілік);

  • Қамар Рахымжан (классикалық садақ, кадеттер арасындағы жеке біріншілік);

  • Ермұханова Сабина (классикалық садақ, қыздар арасындағы жеке біріншілік).

Астана қаласының құрамасын Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Илья Ильин қолдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: