Шетелдік ресурс жекпе-жегі даулы болған Жалғас Жұмағұловтың екі әйелі барын сөз етті

Twitter-дегі аралас жекпе-жекке арналған "FIGHT KNIGHT" аккаунты отандасымыз - UFC спортшысы Жалғас Жұмағұловтың айналасындағы соңғы оқиғаларды талқылап, пікірлер жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткен демалыс күндері Жұмағұлов АҚШ-тағы жекпе-жегінде қазылардың шешіміне сәйкес америкалық Чарльз Джонсоннан жеңіліп қалды. Осылайша ол UFC-дегі алты жекпе-жегінің бесінші жеңілісін тіркеді. Көптеген шетелдік журналист Жұмағұловты қасарысудың жеңімпазы деп атады. Ал Жалғастың өзі болса, өте даулы жекпе-жектен кейін мансабын аяқтайтынын жариялады.
"Жұмағұловқа жанашырлық таныту керек, өйткені бұл адамның бағып-қағуы тиіс бірнеше әйелі бар!", деп шетелдік ресурстың жазғанын Sports.kz жеткізді. Оған қоса, өткен жылы Жалғас Жұмағұлов youtube-тегі "Разрешите вас перебить" арнасына берген сұқбатында өзінің алты баласы және екі әйелі барын айтқанын да еске салып қойды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript