Жалғас Жұмағұловтың UFC-ден кеткеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
Сурет: instagram.com/naiza.mma
Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza FC 55 турнирінде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-9) өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл Жұмағұловтың әлемдегі ең ірі промоушен UFC-ден кеткеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болды. Жалғас жапониялық Масато Накамурамен кездесті (9-7) – бұл жекпе-жек бірінші раундтың екінші минутында техникалық нокаутпен, қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой карьерасындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізсе, Масато Накамура сегізінші рет жеңіліске ұшырады.
Еске салайық, бастапқыда Жұмағұлов Naiza FC 55 турнирінде бразилиялық Яго Рибейромен (12-3) кездесуі керек еді, бірақ қарсыласы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript