Жалғас Жұмағұловтың титулдық жекпе-жегі орта жолдан кілт тоқтатылды

Жалғас Жұмағұлов, Еуропа, Oktagon, лига, екінші чемпиондық белбеу, бразилиялық, Игор Северино, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2026 13:55 Сурет: Instagram/zhumagulov_zhalgas
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Еуропадағы беделді Oktagon лигасында екінші чемпиондық белбеуге таласта бразилиялық Игор Севериномен кездесті. Алайда орта жолдан тоқтатылған кездесу аяғына жетпей тәмам болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы Словакия астанасы Братиславада өткен Oktagon 89 турнирінің басты кездесуінің шымылдығын түрді.  өнер көрсетті. Жеңіл салмақтағы (61,2 келіге дейін) чемпиондық белбеу үшін бес раундқа жоспарланған жекпе-жек орта жолдан тоқтатылды.

Екінші раунд барысында Северино ереже бұзып, қарсыласының шап тұсына соққы жасады. Тыйым салынған соққыдан кейін Жұмағұлов уақытша үзіліс алды. Алайда ол айқасты жалғастыру үшін қажетті уақыт ішінде қалпына келе алмады.

Жекпе-жекті бақылаған дәрігер қазақстандық файтерге кездесуді тоқтатуға кеңес берді. Нәтижесінде төрешілер жекпе-жекті "өтпеді" деп таныды.

Осылайша екі спортшы да чемпиондық атақтарын сақтап қалды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: