2018 жылғы ӘЧ-ның қола жүлдегері - Бельгия жер сипап қалды, Марокко плей-оффқа жолдама алды

Футболдан ӘЧ-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2022 23:16 Сурет: Twitter/fifaworldcup
Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында F тобының соңғы матчы өтті. Канадаға қарсы ойында Марокко құрамасы жеңіске жетіп, сенсация орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Барлық мамандар мен букмекерлер 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалына шыққан екі команда - Хорватия мен Бельгия келесі кезеңге өтеді деп болжаған. Бірақ Африка өкілдері барлығын таңқалдырып, мундиалдың өткен финалистері – хорваттармен 0:0 есебімен тең түсті. Онымен тоқтамай ресейлік турнирдің қола жүлдегерң бельгиялықтарды 2:0 есебімен жеңді.

Бүгінгі ойында Марокко құрамасы 2022 жылы Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінің үшінші турындағы матчта Канада командасын 2-1 есебімен жеңіп кетті. Ойын Дохада "Эль-Тумама" стадионында өтті.

Сурет: Twitter/fifaworldcup

Кіші топтың екінші жолдамасын Хорватия мен Бельгия өзара сарапқа салды.

"Ахмед бен Али" стадионында өткен бұл ойын 0-0 есебімен тең түсті. Нәтижесінде Бельгия командасы турнирдің плей-офф кезеңіне өте алмады, бірақ үшінші турға дейін бельгиялықтардан бір ұпай озық тұрған хорваттардың бағы жанды.

Нәтижесінде Марокко - бірінші, хорваттар - екінші, Бельгия - үшінші орында, Канада төртікті түйіндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: