Атақты қос спортшы елорда түрмесінде болып, спорттық іс-шараға қазылық етті
Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Елорданың №3 мекемесінде сотталғандар арасында "NS Жас Жігер" жобасы аясында ерекше спорттық іс-шаралар өткізілді. Оған төрт дүркін әлем рекордшысы Сергей Цырульник пен Street Workout Kazakhstan-ның негізін қалаушы Айтым Жақыпов қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Арнайы түзеу мекемесіне келген қонақтар спорттың 3 түрінен бағын сынаған жазасын өтеушілер өнеріне өз бағаларын берді. Арасында күш жаттығуларын көрсетіп, өмірінің күрделі кезеңіндегі ер азаматтарға қолдау көрсетті.
"Армрестлинг, арқан тарту және гір көтеру бойынша жарысқа 56 жазасын өтеуші қатысып, бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және Астана қаласы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп өткізілді".Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

