Қазақстан - Польша матчында Тимофей Скатов таразы басын теңестірді

Тимофей Скатов, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2022 16:26 Сурет: ktf.kz
Аустралияның Брисбен қаласында United Cup командалық турнирі аясында Қазақстан - Польша матчы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кортқа бірінші болып әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентек пен дүниежүзілік рейтингіде 51-орында тұрған Юлия Путинцева шықты, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Бұл ойында Швентек 6:1, 6:3 есебімен басым түсті. Содан кейін әлемнің 142-ракеткасы Тимофей Скатов пен рейтингіде 260-сатыдағы Даниэль Михальски шеберлік байқасты. 2 сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсекеде Скатов 7:6 (9:7), 6:2 есебімен жеңіске жетті. Тимофей 3 эйспен бірге 10 брейктің екеуін өз есебіне жазды.

Осылайша, Қазақстан - Польша матчында есеп теңесті – 1:1.

Екі ел теннисшілерінің арасындағы бәсеке ертең жалғасады. Александр Бублик Хуберт Гуркачпен (10 АТР), Жібек Құламбаева Магда Линетпен (48 WTA) сынға түседі. Топтық бәсекенің соңғы ойынында А. Бублик пен Ж. Құламбаева И. Швентек - Х.Гуркачпен кездеседі.

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған United Cup командалық жарысында Қазақстан Швейцариямен бірінші матчта еш қайран қыла алмай, 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: