Теннистен Дэвис кубогі: Қазақстан – Аргентина матчында Тимофей Скатов есепті теңестірді

Тимофей Скатов, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2024 10:51 Сурет: ktf.kz
Росарио қаласында Дэвис кубогі іріктеу кезеңі аясында Қазақстан – Аргентина матчында Тимофей Скатов таразы басын теңестірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Корт иелері ең күшті ойыншыларын шығарғандықтан, матчтың айқын фавориттері аргентиналықтар еді.

Жарыстың бірінші күні алдымен АТР рейтингісінде 338-орында тұрған Дмитрий Попко әлемнің 22-ракеткасы Франсиско Серундоломен сынға түсті.

Бәсеке Серундолоның басымдылығымен өтті – 7:5, 6:2. 

Екінші болып кортқа рейтингіде 278-орындағы Тимофей Скатов әлемнің 28-ракеткасы Томас  Мартин Этчеверримен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Скатов есеп 5:4 болған мезетте брейк жасай алды – 6:4. 

Екінші сетте есеп 6:5 болған мезетте Тимофей тағы бір брейк жасап, жеңісті жұлып алды – 7:5. 

Екі сағат 21 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Скатов эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Қарсыласы 5 эйспен ғана көзге түсті.

Осылайша, Қазақстан – Аргентина матчында есеп теңесті – 1:1.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: