Қазақстан бокс қауымдастығының халықаралық рейтингінде бірінші орында тұр

Қазақстан бокс бойынша рейтингте бірінші орында, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2023 14:49 Сурет: unsplash
Қазақстан Халықаралық бокс қауымдастығының рейтингінде бірінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық бокс қауымдастығы ұйымның ресми сайтында барлық салмақ дәрежесіндегі жекпе-жектердің рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Қазақстан рейтингте Өзбекстан, Үндістан және АҚШ-ты басып озып, бірінші орынға шықты. Рейтинг барлық 17 салмақ дәрежесін ескереді.

Бұл рейтинг Таиландтың Бангкок қаласында 16-27 қаңтар аралығында өтетін бокстан 22 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы Азия чемпионаты қарсаңында жасалды.

Көрші мемлекеттерден Өзбекстан екінші орында болса, Украина он екінші, Армения мен Ресей он төртінші және он бесінші, Қырғызстан отыз сегізінші орын алды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: