Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің жартылай финалында өнер көрсетеді
Сурет: ktf.kz
Қазақстанның екінші, әлемнің 144-ракетасы Тимофей Скатов Консепсьон (Чили) ATP Challenger Tour жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 102-інші, турнирдің 2-ракеткасы, чилилік Алехандро Табиломен кездесті. Аса тартысты өткен матчта Скатов 6:4, 3:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті. 2 сағат 29 минутқа созылған бәсеке барысында ол 5 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 5 эйс, 5 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Петропавл қаласының түлегі финалға шығу үшін әлемнің 203-ракеткасы, аргентиналық Факундо Диас Акостамен күш сынасады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript