Сарапшының Parimatch PRO HOCKEY LEGACY 2023 маусымының плей-офф матчтарына болжамы
Parimatch сарапшысы Константин Пушкарев алдағы шайқасқа болжам жасады.
"Сарыарқа" - "Құлагер"
Маусымның тұрақты көшбасшысы және Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, "Сарыарқа" хоккей клубы үйдегі мұз айдынында Петропавлдан келген қонақтарды қабылдайды. "Құлагер" плей-оффтағы турнир кестесінде 8 орынға шықты, енді команданы мықты қарсыласпен кездесу күтіп тұр.
1/4 финалға дейін Капуловский мен Скудраның шәкірттері мұз айдынында төрт рет кездескен болатын. Қарағандыдағы матчтар "қырандардың" пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Қарағанды командасы үшін қонақ алаңдарындағы сериясы да жемісті болды. Нәтижесінде "Құлагер" екі рет жеңіліске ұшырады" - 2:3, 3:4.
Енді командалар жартылай финалға шығу үшін қиынға соғатын шайқасқа тап болады. Айта кету керек, "Сарыарқаның" қателесуге құқығы жоқ, өйткені олар соңғы екі жылдағы ел чемпиондары және титулды қорғау оны бірінші рет жеңіп алудан әлдеқайда қиынға соғады.
Сарапшының айтуынша, ширек финалдық матчтар өте жарқын болады. Командалар жеңіске жету үшін барын салады, бірақ бұл шайқастың айқын фавориттері - "Сарыарқа" болып табылады.
Parimatch мамандары негізгі уақытта ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:
"Сарыарқа" - 1.31, Тең ойын – 5.40, "Құлагер" - 6.60