Қазақстандық таэквондошылар Словения чемпионатында жеңіске жетті
Сурет: Instagram/drs_kz
Любляна қаласында (Словения) өткен таэквондодан Slovenia Open халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық таэквондошылар турнирде 5 алтын, 7 күміс, 13 қола медаль иеленіп, жалпы есепте көш бастады.
Сурет: Instagram/drs_kz
G-1 санатындағы жарыстарға әлемнің 50 елінен 1000-ға жуық спортшы қатысты. Жарыс жеңімпаздарының қатарында қазақстандықтар да болды:
- Алтынды Мария Севостьянова, Самирхон Абабакиров, Ғазез Нұрбек, Эльдар Бірімбай және Рита Бакишева жеңіп алды.
- Әділет Базарбаев, Ысқақ Елдос, Жавохирхон Исламов, Виктория Кучина, Орынбасар Мақсат, Рахым Әділханов және Наргиза Қойшыбекова күміс медальға ие болды.
- Рахым Рахат, Аманбол Бегімбетов, Елшібай Елжан, Әзірет Дүйсенбек, Айдана Құмартаева, Ботагөз Қапанова, Ермекбай Әлібек, Назым Махмұтова, Нұрай Хусайынова, Бауыржан Хасенов, Нұрлан Мырзабаев, Дүйсебай Сайымапар қола жүлдегер атанды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript