Манчестер Сити-РБ Лейпциг: "бұқалар" "қала тұрғындарының" рекордтық жеңістер сериясын үзе алады ма
Чемпиондар Лигасының ⅛ финалының басты оқиғасы осы сәрсенбіде жалғасатын болады.
Манчестер Сити
"Манчестер Сити" - Чемпиондар лигасының тұрақты қатысушыларының бірі болғанымен, әлі күнге дейін аңсаған олжасына қол жеткізе алмай келеді. Өткен маусымда клуб бірінші рет финалға дейін жетіп, өзінің арманына жету мүмкіндігіне бір қадам қалғанда, қақпасына "Челсиден" жалғыз голды өткізіп алды. Биылғы жылы Еуропаның басты атағы ғана емес, сонымен қатар АПЛ-дағы чемпиондығы да бәске салынып отыр, сондықтан "қала тұрғындары" барын салып , "канонирлерді" басып озуға тырысады.
Гвардиоланың шәкірттері "РБ Лейпцигпен" бірінші кездесуде есеп ашқанымен, екінші таймда басымдықты сақтай алмады. Бақытына орай, статистика алаң иелерін басым етіп көрсетуде - " қала тұрғындары " Чемпиондар лигасының 23 матчында үй алаңында 21 -жеңіске жетіп, жеңіліс көрмеген. "Манчестер Ситидің" "Этихадтағы" тағы бір сәтті ойыны, ағылшын командасы "Арсенал" жүзеге асырған ең ұзақ жеңіс сериясының рекордын қайталайтын болады.
РБ Лейпциг
Жаттықтырушыны Марко Розеге ауыстырғаннан кейін "РБ Лейпцигтің" жағдайы айтарлықтай жақсарды. Қысқа уақыт ішінде ол команданы Бундеслиганың 3-ші қатарына көтеріп, Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне өткізе алды. Алайда,соңғы уақытта "Боруссиядан " жеңіліс тауып, команда құрамынан бірнеше елеулі ойыншылары кетіп, "қызыл бұқалардың" бәсеңдегені байқалды.
Алайда, "РБ Лейпциг" Бундеслигадағы ең нәтижелі 49 гол соққан және "Манчестер Сити" үшін өте қауіпті қарсылас болып табылатын клубтардың бірі болып қала береді. Барлық үш жеке кездесуде де "бұқалар" "қала тұрғындарының" қақпаларына алғашқы гол соғып, ойын есебін ашып келгенін ескере кету керек.
Parimatch матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады:
Манчестер Сити - 1.33, Тең ойын - 5.90, РБ Лейпциг - 9.90