"РБ Лейпциг – "Бавария": "бұқалар" олжаны "рекордмайстерден" тартып ала алады ма?

Париматч сарапшысы болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2023 15:38 Сурет: parimatch.kz
Сенбіден жексенбіге қараған түн Бундеслига жанкүйерлері үшін ерекше болып өтетіні анық, өйткені Германия Суперкубогы үшін күресте "РБ Лейпциг" пен Мюнхендегі "Бавария" бас түйістіретін болады.

"Бұқалар" "рекордмайстерге" қарсы төтеп бере алады ма?" деген сұраққа Parimatch сарапшылары жауап берді.

"РБ Лейпциг"

"Ред Булл қанаттандырады" деген ұран саксондықтарды өте жақсы сипаттайтын сияқты: "бұқалар " – Германияның соңғы жылдардағы ең прогрессивті және тұрақты командаларының бірі. Өткен маусым да сәтті өтті: клуб Бундеслига қоласына ие болып, чемпионаттың соңында жеңіс сериясын жасаған болатын.

Маусым аралығында Марко Розе клубы айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Жағымсыз жаңалықтарынан - жүйелендіруші ойыншылары кетті: Йошко Гвардиол, Доминик Собослаи және команданың үздік бомбардирі Кристофер Нкунку. Алайда, "бұқалар" олардың орнына - Николас Зайвальд, Кристоф Баумгартнер, Бенджамин Сешко және Лоис Опендтің төрт жас талантты футболшылармен күшейе түсті. "РБ Лейпциг" жастармен қалай жұмыс істейтінін ескеретін болсақ, жаңадан келгендердің үздік ойыншылар қатарына енуіне барлық мүмкіндіктері бар.

"Бавария"

Мюнхендік команда үшін өткен маусым сәтсіз өтті деп айтуға болады. Клуб жаттықтырушының ауысуы мен команда нәтижелерінің нашарлауына әкелген жанжалдар мен қақтығыстарға тап болды: "ротен" Чемпиондар Лигасы мен Германия кубогынан 1/4 финалында сәтсіздікке ұшырап шығып кетті, бундеслиганы дортмундтың "Боруссияның" соңғы турда жіберіп қойған қателігін пайдаланып жеңіске жете алды. Алайда, Томас Тухельді команданы басқаруға қалдырып, сенім несиесін берді, бұл жағдайды тұрақтандыруға оң әсерін береді деген ой қалыптастырады.

"Рекордмайстердің" маусым аралық үзілісі команда құрамын жаңартумен өтті. Команда Люка Эрнандес, Садио Мане және Марсель Забитцерден айырылғанымен, құрамын айтарлықтай күшейтіп алды. Мюнхендіктер құрамын Ким мин Чжэ, Конрад Лаймер және Рафаэль Геррейро толықтырды, жаңадан келген ойыншылармен қорғанысын айтарлықтай күшейткенін байқауға болады. Тухельдің белсенді және комбинациялық футболын ескере отырып, жаңадан келгендер командаға оң үлес қосатыны анық.

Parimatch аналитикасы және коэффициенттері

Екі команда да көптеген комбинациялары бар жарқын және шабуылдаушы футболды жақсы көреді, сондықтан сіз көптеген голдар болатынына күмәнданбауыңыз керек. Осы түйінмен Parimatch талдаушылары да келіседі: "тотал 2,5-тен жоғары" 1.56 коэффициентін құрайды. Екі команданың да гол соғу ықтималдығы жоғары: мұндай нәтиже 1.62 деп бағаланып отыр.

Алайда, өткен маусымдағы болған барлық қиындықтарына қарамастан, "Бавария" бұл матчтың айқын фавориті болып көрінеді. Parimatch сарапшылары "ротен" жеңісіне 1.58 коэффициентін ұсынса, "РБ Лейпциг"-ті 5.60 коэффициентімен бағалаған. Бундеслиганың көпжылдық басымдылық көрсетуші беделі, күшейтілген құрам және Томас Тухель басқарып отырған "рекордмайтерлердің" пайдасына шешуші факторлар болып табылады.

Бундеслиганың жаңа маусымын Parimatch-пен бірге бастап, жарқын эмоцияларға ие болыңыз! Жаңа ойыншылар шотты алғаш толықтырғаны үшін арнайы - 300%-дық бонусқа ие болады. Алыңыз да, игілігіңізге жұмсаңыз!

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: