Жаңалықтар тізбегі
0

"Жауынгерлер шайқасты аяғына дейін өткізеді": Фараби Давлетчин UFC 286 титулдық жекпе-жегіне болжам жасады

Париматч шайқасына болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 15:07 Сурет: parimatch.kz
19 наурызда UFC 286-да Эдвардс-Усман арасындағы жартылай орта салмақтағы чемпион атағына кімнің лайық екендігі туралы дау-дамайға нүкте қоятын трилогиясы өтеді. Белгілі қазақстандық спортшы және Parimatch амбассадоры Фараби Давлетчин алдағы жекпе-жекке қатысты өз болжамымен бөлісті.

Камару Усман (20-2-0)

Камару Усманның мансабында күрестен мықты көрсеткіштері бар. Ол бірнеше жыл бойы NCAA екінші дивизионында өнер көрсетіп, үш рет "All American"атағына ие болды. Усман жекпе-жекте сәтті пайдалана алатын мықты дене дайындығына және төзімділігіне ие болып, қарсыластарына үрей туғызады. Үнемі шабуыл жасай отырып, шайқас барысындағы жағдайды бақылауында ұстай алады. Сонымен қатар, Камару соңғы кездері қолмен мықты жұмыс істей бастады, ол оның боксты да жақсырақ меңгергенін көрсетеді. Енді оның артықшылықтарына қарсыласын бірден құлататын джеб әдісі қосылды, ал оның оң жақ оверхенді туралы айтпасақ та белгілі деп ойлаймын.

Усман шайқасты әрқашан ақылмен, эмоцияларға берілмей алдын-ала ескерілген жоспарды ұстанып өткізетіндігі ұнайды. Оның 35 жаста екенін ескерсек, бұл ерекшелігі маңызды фактор: көптеген жылдар бойындағы жаттығулар мен жоғары деңгейде көрсеткен шайқастар оның психикалық жағдайына әсер етпеді деп айту қиынға соғады. Бірақ Камарудың жаттығуларын бақылай отырып, мақсатына жету үшін бар күшін салып еңбек етіп жатқанын көруге болады.

Леон Эдвардс (20-3-0)

Леон Эдвардс бала кезінен көшедегі төбелесте өзінің абыройын қорғап жүріп, "Рокки" деген лақап атқа ие болған. Өзінің мансабында ауыз толтырып айтарлықтай шыңдарды бағындырды: жартылай орта салмақтағы ВАММА титулын жеңіп алып, оны қорғай алды, бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеу алды және UFC чемпионы болды.

Англиялық спортшы - әмбебап күрескер және партерде жақсы жұмыс істей алады. Оның басты ерекшелігі - қарсыластарын баяулатып, қашықтықты бақылау мүмкіндігін туғызу үшін аяқпен жұмыс жасай алуы. Сонымен қатар, ол төменгі жақтан ұзақ уақыт бойы жұмыс істей алады, бұл кардио дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді.

Эдвардс әр раундта күш-қуатын біркелкі пайдаланып, әрқашан жекпе-жек жоспарын орындауға тырысады. Оның өткен шайқастарын әсерлі деп айта алмаймын, өзіне лайықты танымалдыққа жете алмағанының себебі осы болуы мүмкін. Нейт Диаз және Дональд Серроне сияқты жұлдыздарды жеңгеннен кейін де, оған осы күнге дейін лайықты баға берілмей келеді.

Жекпе-жекке болжам

Өткен екі жекпе-жекті талдай отырып, екінші жекпе-жекте жеңілгеніне қарамастан, Усман барлық жағынан мықтырақ болғанын анық байқауға болады. Ол қарсыласын бақылау мен оған көрсететін қысым тұрғысынан керемет шайқас жүргізе алады, алайда Леон Эдвардстың да кем түспейтін артықшылықтары, яғни тұрыста мықты шайқас жүргізе алатындығы бар екендігін мойындау керек. Қазіргі чемпион дене дайындығы тұрғысынан Усманнан еш кем түспейді және соңғы жекпе-жектегі сияқты қарсыласының қателік жіберуін шыдамдылықпен күтіп тұрып, сәті түскенде өзінің мүмкіндігін жіберіп алмайтыны анық. Алайда, олардың жекпе-жегінің бейнесін қайта қарап шыққанымда, Эдвардстың көп қателіктер жіберетінін байқадым, олардың кез-келгені жеңіліске әкелуі мүмкін. Менің ойымша, трилогияның соңғы бөлімі аяғына дейін жалғасып, Камару Усманның пайдасына жеңіспен аяқталады.

Фараби Давлетчиннің ресми серіктесі - Parimatch жекпе-жекке келесі коэффициенттерді ұсынады:

Эдвардстың жеңісі - 3.40, Усманның жеңісі - 1.35


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: