Жаңалықтар тізбегі
0

"Шайқасты бір дәл соққымен аяқтауға болады": сарапшы Жанқош Тұраровтың алдағы жекпе-жегіне болжам жасады

Париматч жарысына қатысты сарапшы болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2023 16:17 Сурет: parimatch.kz
Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні бірінші жартылай орта салмақтағы IBO чемпионы Алехандро Менесеске қарсы жеңілістің не екендігін білмейтін қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың қатысуымен ұмытылмас бокс кеші өтеді.

Жекпе-жек өнерінің сарапшысы және өткізілетін шараның бас серіктесі Parimatch-тың амбассадоры Фараби Давлетчин алдағы жекпе-жекке қатысты өз пікірімен бөлісті.

Жанқош Тұраров

Біздің отандасымыз Жанқош Тұраровтың ерекшелігі - күшті нокаут соққысы бар. Оны "Тайсонның соққысы сияқты" деп айтуға болады. Статистика оның техникасының ерекшелігін айқын көрсетеді: өткізілген 25 жекпе-жектің 18-і қарсыластың нокаутымен аяқталған. Сондай-ақ, барлық раундарда қозғалыста болуына мүмкіндік беретін, аяқпен керемет жұмыс жасай алатындығын және күшті кардиосы бар екенін атап өткім келеді.

Ол 2013 жылы Нельсон Лопестің жетекшілігімен жаттығу үшін Майамиге барған. Жанқош сол уақыттан бері көптеген жетістіктерге қол жеткізді, оның ішінде 2016 жылы Нью-Йорктегі жекпе-жектің бірінші раундында бразилиялық Жоаким Карнейроны нокаутқа жіберіп, NBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қанжығасына байлаған еді. Тұраров 2019 жылы бірінші жартылай орта салмақтағы WBO Inter-Сontinental кіші атағы үшін шайқаста аргентиналық Мауро Максимилианоны жеңді. Бұл оның мансабындағы 25-ші жеңісі болып, бірінші орта санатындағы WBO рейтингінде 8-ші орынға көтерілген.

Алехандро Менесес

"El Tocino" немесе "Бекон" лақап аты бар Менесес шайқастарды кәсіби спортшы мәртебесінде 11 жыл бойы өткізіп келеді. Осы уақыт ішінде оның 16 жеңісі, 5 жеңілісі бар. Оның мансап жолы қисынға толы болған, биікке шыңдау мен құлдыраулар да басынан өткізген спортшы. Бірақ өткерген сәтсіздіктерге қарамастан, өткен жылы жеңіліп көрмеген Сэмюэль Максвеллдің белбеуін жеңіп алып, IBO чемпионы атанды. Маған мексикалық боксшылар ұнайды, өйткені олар бой бермеушілік пен мықты төзімділікпен ерекшеленеді. Оларды кей-кезде біздің боксшыларға ұқсатамын.

Болжам

Тұраров пен Менесестің шайқасына талдау жүргізіп, жекпе-жек әсерлі болып өтенініне сенімдімін. Мен біздің боксшы үшін шын жүректен жанкүйермін, өзінің әдеттегі тәсілімен жекпе — жекті ертерек, батыл нокаутпен аяқтағанын қалар едім. Алайда, Менесес қарапайым күрескер қатарынан емес екендігін ескерген жөн. Оның күшті кардиосы және ерік-жігері бар, оны титул үшін өткізген соңғы жекпе-жегінен байқауға болады. Менің ойымша, Менесестің қорғанысы әлсіздеу болып келеді-бұл біздің спортшымыздың пайдасына тамаша мүмкіндік. Бір дәл соққы жасалса, шайқас мерзімінен бұрын жеңіспен аяқталады. Мен жеңісті боксшымыздың пайдасына 70/30 деп бағалар едім. Мен жекпе-жекті міндетті түрде тамашалап, қазақстандық бокс мектебі мексикалық спортшыны жеңеді деп үміт артамын!

Parimatch, Фараби Давлетчиннің ресми серіктесі, Тұраров - Менесес жекпе-жегіне келесі коэффициенттерді ұсынады:

Жанқош Тұраров - 1.08, Тең нәтиже - 23.00, Алехандро Менесес - 7.00


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: